Ауа райының бұзылуына байланысты 13 қаңтар күні бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, Ақтау қаласында мектепалды даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі.
Абай облысының Аяғөз, Бесқарай, Ақсуат аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сыныптары онлайнға көшіріледі. Сондай-ақ Семей қаласы мен Үржар ауданында 1-9 сынып оқушылары, Абай ауданының 1-4 сынып оқушылары үйден оқиды. Қалған аудандарда сабақ штаттық форматта өтеді.
Жамбыл облысының мектептерінде де білім беру қашықтан өткізіледі.