$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда үйлер жарықсыз қалды

Әдетте, қатты аязда тұрғындар электр жылытқыштарын пайдаланады.
© Фото,   pixabay
© Фото, pixabay

Теміртауда қаланың электр желілерінде қорғаныс жүйесі іске қосылып, тоқ беру тоқтатылды. Оқиға салдарынан 58 тұрғын үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, электр қуатын беру 12 қаңтарда сағат 19:48-де тоқтаған. Авариялық ажырату орын алып, Әлеуметтік қала аумағындағы желілер істен шыққан. Болжам бойынша, апатқа шамадан тыс жүктеме себеп болған. Соңғы 2 күнде Қарағанды облысында ауа температурасы -35-39 градусқа дейін төмендеді. Әдетте, қатты аязда тұрғындар электр жылытқыштарын пайдаланады.

«Оқжетпес-Т» ЖШС апаттық бригадасы жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Сағат 23:00-дегі жағдай бойынша 58 үй электр қуатынсыз қалып отыр. Төтенше жағдайлар бригадалары жұмыс істеп жатыр. Бір сағат ішінде электрмен жабдықтау қалпына келтіріледі», - деп хабарлады Теміртау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары