$ 481.84  531.33  5.07

Семейде шенеунік бір креслоны 38 млн теңгеге сатып алмақ болған

Оның нарықтағы құны - небәрі 150 мың теңге, яғни 200 есе арзан.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Абай облысында шенеунік бір креслоны 38 млн теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында сатып алу құнын асыра бағалау фактілері анықталды.

«Мәселен, Семейдегі Мәдениет сарайының басшылығы ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңғыртуды жобалау қызметін сатып алуды жоспарлаған. Осы мақсаттарға мекемеде 1 млрд теңге бөлу қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Алайда мұндай қызметтің нақты құны 10 миллион теңгеден аспайды», - делінген ақпаратта.

Антикордың ұсынған ұсынысынан кейін ғана бұл сома жойылды.

«Бұдан бөлек, осы мекеме басшылығы бір данасы 38 миллион теңге тұратын кресло сатып алмақ болған. Бұл ретте оның нарықтағы құны - небәрі 150 мың теңге, яғни 200 есе арзан. Бұл сатып алу бойынша да тиісті ұсыныс хат жолданды, қазіргі уақытта ол қарастыру үстінде», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары