4 облыста 7 жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.
«13 қаңтар күні сағат 11:15-тегі ақпаратқа сәйкес 4 облыста ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, температураның төмендеуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.
Автожолдарды тазарту үшін 250 жол-пайдалану техникасы және 350-ден астам жұмысшы жұмылдырылған.