$ 498.34  519.72  4.85

Павлодарда полицейлердің қатысуымен атыс болды

Оқиға туралы ақпарат Instagram желісінде пайда болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

12 қаңтарға қараған түні Павлодардағы кинотеатрлардың бірінің жанында полиция қызметкерлерінің қатысуымен атыс болған. Оқиға туралы ақпарат Instagram желісінде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция атыс болғанын растады.

"12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесіндегі мекемеге келушілер арасында жанжал туындаған. Жанжалға қатысушылардың бірі ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған. Қызметкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жанжалға қатысушылардың арасында декреттік демалыста отырған Екібастұз қалалық ІІБ қызметкері де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары