Алматыдағы барахолка маңындағы Москвин, 7-үй мекенжайы бойынша тауарлары бар қойма өртеніп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға орнында жоғары шендегі бөлімнің күштері мен құралдары жұмыс істеуде.
«Қойма өртеніп жатыр, оқиға орнына штаб жұмылдырылды, екі өрт сөндіру орны құрылды, көрші қоймаларды сөндіру және қорғау үшін оқпандар енгізілді», - делінген ТЖД хабарламада.
Қазіргі уақытта қоймалардан тауарлар мен материалдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Еске салайық, 12 қаңтарда Алматының орталығында төрт қабатты үйдегі пәтер өртенген болатын.