$ 486.44  534.31  5.06

Алматыда газ құбырында апат болып, тұрғындар жылусыз қалды

Апатты қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

Кеше Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі орташа қысымды газ магистраліне соқтығысып, апат салдарынан шағын ауданның бірқатар үйлеріне газ беру тоқтатылған болатын. «Баймақ» ЖШС жеке газ желілерінің зақымдануы бойынша жөндеу мәселесі әлі толық шешілген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары 3 сағаттан астам уақытқа созылған. Содан соң желілерді іске қосу-жөндеу жұмыстары басталған. Бірақ, жөндеу бригадалары газбен тұрақты жабдықтауды толық көлемде қамтамасыз ете алмады.

"Сағат 1:30-да 135 абонент газбен қамтамасыз етілді. Қалған 52 абонент бойынша желілерде газ құбырларының бітелуі анықталды, оларды жою үшін негізгі магистральды ажырату қажет болды. Шағын аудан тұрғындарына апатты қалпына келтіру жұмыстары бүгін күндізгі уақытта да жалғасады", - деп түсіндірді Алматы әкімдігінен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары