$ 489.06  536.21  5.05

Непалдағы әуе апаты: Ұшқыш әйелдің күйеуі де 16 жыл бұрын ұшақ тізгінінде опат болған

Анджу Хативада мәйіті әзірге табылмаған, дегенмен көз жұмғандардың қатарына енгізілген.

Непалдағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан ұшқыш әйел Анджу Хативаданың күйеуі де 16 жыл бұрын дәл осындай жағдайда опат болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттік мәліметінше, 44 жастағы Анджу Хативада апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы болған. Бұл туралы Yeti Airlines әуе компаниясының өкілі Сударшан Бартаул мәлімдеді.

"Оның күйеуі Дипак Похрел 2006 жылы Yeti Airlines компаниясының Twin Otter ұшағы Джумла қаласында (Непал) апатқа ұшырағанда көз жұмған", – деді Yeti Airlines әуе компаниясының өкілі Сударшан Бартаул. 

Дипак Похрел басқарған ұшақ қонуға бірнеше минут қалғанда апатқа ұшырапты. Бартаулдың сөзінше, Хативада күйеуі қаза тапқан соң сақтандырудан алған қаржыға ұшақ басқаруды үйренген.

Анджу Хативада мәйіті әзірге табылмаған, дегенмен көз жұмғандардың қатарына енгізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары