7 қаңтарда кешке Батыс Қазақстан облысында Таловая кентінің 37 жастағы тұрғыны қойларды іздеуге шығып, қайта оралмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” газетіне сілтеме жасап.
Тұрғынның туыстары полицияға жүгінді, өйткені түнде термометр бағанасы -30 градусға дейін төмендейді.
Жоғалған адамды іздеуге ондаған адам шықты. Түні бойы полиция қызметкерлері, құтқарушылар, аудан әкімдігінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары жер-жерді аралап, ер адамды іздеді. Бірақ нәтижесіз болды. Тек таңертең жағдай анық болды.
Іздеу жүріп жатқан кезде ол жолдастарымен ауылдың басқа жағында демалып жатқан екен. Осы уақыт ішінде олар ішімдік ішіп, көңіл көтерген.