18.01.2023, 01:00

Қаңтар оқиғасында көз жұмған марқұмдардың балалары оқуға тегін түседі

“Қазақстан халқына” қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балаларына жоғарғы оқу орнына түсу үшін арнайы гранттар тағайындады.

“Қазақстан халқына” қоры қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балаларына жоғарғы оқу орнына түсу үшін арнайы гранттар тағайындады, деп хабарлайды Экспресс К. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Ондағылардың айтуынша, "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі 2023 жылдың 16 қаңтарында өткен кезекті отырысында білім беру гранттары бойынша бағдарламаның шарттарын кеңейту және оған өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған. Осының аясында енді Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған азаматтардың ұл-қыздары оқуға тегін түсе алады.

"Қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҚР азаматтары мен жараланған балалардың отбасыларына одан әрі қайырымдылық көмек көрсету және қолдау мақсатында білім беру гранттары бойынша қолданыстағы

"Қазақстан халқына" ҚҚ білім беру гранттары" бағдарламасына 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен ҚР қаза тапқан азаматтарының балаларына және жараланған балаларға гранттар мен стипендиялар беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", — делінген хабарламада.