$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырауды 31 мамырдан басқа күнге ауыстыру ұсынылды

Өйткені, Қазақстанда 31 мамыр - ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Қазақстанда мектептердегі соңғы қоңырауды 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжілісмен Аманжол Әлтай Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында қазақстандық мектептердегі соңғы қоңырауды 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынды. Өйткені, Қазақстанда 31 мамыр - ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

"31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бір қызығы, Білім министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы бұйрығына сәйкес мектептерде соңғы қоңырау 31 мамырға белгіленген. Бұл қате шешім. Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырауды 1 маусымға немесе 30 мамырға ауыстыру керек. Бұл талқылауды қажет етпейтін әділ мәлімдеме", - деді Аманжол Әлтай.

Сонымен бірге ол Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтуге қатысты Үкіметке бірнеше ұсыныс білдірді.
Атап айтқанда:

- Жалпы халықтық үнсіз еске алу минутын ұйымдастыруды;
- Телеарналарда әзіл-қалжың, шоу бағдарламалар, эстрадалық концерттер тоқтатылып, оның орнына ел тарихындағы қасіретті күндерді жас ұрпақтың жетік түсінуіне жол ашатын мазмұнды бағдарламалар көрсетуді;
- Ақпараттық құралдарда атаулы күннің тарихи салмағын, тағылымдық мағынасын жан-жақты жеткізетін мақалалар жариялауды;
- Мектептердегі соңғы қоңырау күнін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды;

Cонымен қатар, 31 мамыр күні ұстаз - сабағын, дін өкілдері - уағызын, министрлер мен әкімдіктер, мемлекеттік мекемелер мен жеке секторлар сол күнгі жиналысын, жұмыс күнінің басын ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске еске алумен бастауын сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары