$ 481.84  531.33  5.07

Үкімет үйіндегі лифтіде мемге айналған азаматтың кім екені белгілі болды

Оқиға 27 желтоқсан күні болған.

Күні кеше ғана әлеуметтік желіде Үкімет үйінің лифтісінде БАҚ өкілдері мен Сыртқы істер министрінің арасында болған қолайсыз жағдайдың видеосы тарады. Ал лифтіде тұрған қарапайым жұмысшының көзқарасы көпшілік арасында әп-сәтте мемге айналды. Azattyq Ruhy видео кейіпкерінің кім екенін анықтады.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, видеодағы азаматтың есімі – Айдос Уәлиев. Ол Үкімет үйінде жүк тасушысы болып жұмыс істейді екен.

Оқиға 27 желтоқсан күні болған. Айдос Уәлиев әдеттегідей тапсырманы орындауға бара жатқан екен.

«Күнделікті жұмыс күні болған. Тапсырма келіп, соған бара жатқан едім. Содан үшінші қабаттан лифт тоқтады. Арғы жағын өздеріңіз көрдіңіздер не болғанын. Мен сәл-пәл абдырап қалдым, не істерімді білмей қалдым. Шығып кетейін десем, шыға алмайтыным көрініп тұр. Сосын 1-2 қадам артқа жылжыдым. «Лифт қашан жабылады екен» деп ойланып тұрдым. Негізі өмірде үнемі күліп жүретін көңілді адаммын, тек сол видеода солай түсіп қалыппын», - дейді ол.

Оның Үкімет үйінде жүк тасушысы болып жұмыс істеп жүргеніне осымен 9 жыл болған. Журналистердің сұхбат алу сәтін талай мәрте көргенімен, мұндай жағдайға бірініш рет тап болыпты.

«Бұл видеоны бірінші негізі жаңалықтардан көрдім, кейін барып жан-жаққа тарап кетті. Туыс, қайын-жұрт бәрі көріп, жіберіп жатты. Жұмыста менімен суретке түскендер де болды. Өзімді көріп мәз болдым. Қылығым енді біртүрлі көрінді. Негізі журналистерді көріп, сәл қысылғаным рас. Алайда оларға еш ренішім жоқ. Келесі жолы мұндай жағдай қайталанатын болса, дәл осылай тұра беремін», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары