$ 441.66  475.14  4.86

Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды

Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды.

Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

"17 қаңтарда Mercedes Benz жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі, Түркия Республикасының азаматы Қостанай облысынан Ақтөбе қаласына қарай, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылының маңында жүріп келе жатып, басып озу кезінде 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы DAF жүк көлігімен соқтығысқан", - делінген ақпаратта.

Полиция дерегінше, соқтығысудан Mercedes Benz автокөлігі жолдың жүріс бөлігінен ілеспе бағытта мұзды тазарту бойынша жол жұмыстарын жүргізіп жатқан автогрейдермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes Benz көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және олардың салдарын болдырмауға бағытталған жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары