$ 494.87  520.65  4.91

Украинадағы соғысты қолдаған Мәжіліс депутаты Әбілдаев өкілеттігінен айырылды

Ол Ресейдің Украинаға басқыншылығын "арнайы операция" деп атаған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді және Украинадағы соғысты көпшілік алдында қолдаған Азамат Әбілдаевты Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 18 қаңтарда Мәжіліс депутаты "Азаттық" радиосына берген сұхбатында Ресей президенті Путинді қолдайтынын айтқан. Ол сонымен бірге Ресейдің Украинаға басқыншылығын "арнайы операция" деп атаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары