$ 494.87  520.65  4.91

«Алматы тұрғыны кездесіп жүрген қызын өлтіріп, кейін өзіне қол салған»: тергеу басталды

Алматы тұрғыны кездесіп жүрген қызын өлтіріп, кейін өзіне қол салды.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

20 қаңтарда Алматы қаласында ер адам қызды өлтіріп, артынша өзіне қол салған, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес қыз ер адамның сүйіктісі болуы мүмкін. 

"Бүгін Розыбакиев көшесі маңында кісі өлімі мен суицид болды. Ер адам салонға кіріп, кездесіп жүрген қызын өлтіріп, кейін өзіне қол салды", – делінген жазбада. 

Аталған дерекке қатысты пікір білдірген полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлімдеді. 

"Сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары