Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Бұл жайында ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол қазір бақылауда. Операция ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында белгілі кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен өтті», - деп жазды ол Twitter парақшасында.