20.01.2023, 15:40

Президент Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Фото: akorda.kz
Тараптар сауда-экономикалық салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті,  деп хабарлайды Ақорда.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланған.

Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.