20.01.2023, 16:20

«Путинді қолдаған Әбілдаев мәжіліс сайлауына түсе ала ма» – ОСК жауабы

Фото: Sputnik Қазақстан
Еске салсақ, кеше Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путин мен Украинадағы арнайы операцияны қолдаған мәжілісмен Азамат Әбілдаевты өкілеттігінен айырды.

Орталық сайлау комиссиясы алдағы мәжіліс сайлауына қатысу үшін өз құжаттарын ұсынған барлық кандидатураны қарастырады. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ОСК брифингінде журналистер "егер депутаттық мандатынан айырылған Азамат Әбілдаев өз кандидатурасын ұсынса, ОСК оны тіркей ме?" деп сұрады.

"Біз Орталық сайлау комиссиясына түсетін барлық құжатты қарастырамыз. Оны зерделеп, сосын шешім қабылдаймыз. Кез келген азаматтың, ол кім болса да, құжаттарын қараймыз", - деп жауап берді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Еске салсақ, кеше Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путин мен Украинадағы арнайы операцияны қолдаған мәжілісмен Азамат Әбілдаевты өкілеттігінен айырды.

20 қаңтарда мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев "Ақ жол" демократиялық партиясынан шығарылған болатын. Ол "Азаттық радиосына" берген сұхбатында Путин мен Украинадағы арнайы операцияны қолдайтынын айтқан. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді.