20.01.2023, 17:20

Алматыда «Медеу» саябағының басшылары пара алғаны үшін ұсталды

фото: ашық дереккөзден
Пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Медеу» табиғи саябағының басшыларын кәсіпкерлік субъектісінен пара алғаны үшін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәсіпкерлік субъектісінен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі ҚазАқпарат жолдаған сауалға.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жарияланбайды.

Тегтер: пара алу Медеу