21.01.2023, 20:30

Президент жылу берілгенін тексеру үшін Рудный тұрғынының пәтеріне барды

Фото: akorda.kz
Ол барлық қызметкерге алғысын айтты.

Мемлекет басшысы тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгенін өз көзімен көру үшін Рудный тұрғындарының бірінің шақыруымен пәтеріне барды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қала тұрғыны Олеся Геря жылу беру жұмысын жедел атқарғаны үшін барлық қызметкерге алғысын айтты.

Айта кетейік, Тоқаев Рудныйда құбыр жарылуына байланысты арнайы келген болатын.