21.01.2023, 23:30

Қазақ файтері ресейлік қарсыласын 20 секундта нокаутқа түсірді

Фото: видеодан скриншот
Қалмұрзаев кәсіпқой мансабында төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Бауыржан Қалмұрзаев ресейлік файтер Константин Чередниченкоға (15-19) қарсы айқас өткізді, деп хабарлайды Sports.kz. 

Алматыда өткен Octagon 39 турнирінде Б.Қалмұрзаев К.Чередниченконы жекпе-жектің алғашқы 20-секундында нокаутқа жіберді. Қазақстандық спортшы қарсыласын торға тіреп, оған соққыларды қарша боратты.

Солайша Бауыржан Қалмұрзаев кәсіпқой мансабында төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ол бірде-бір рет жеңіліп көрген емес.

Octagon 39 турнирінің басты жекпе-жегі қазақстандық Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрисио Нуньес (8-0) арасында өтеді.

Тегтер: Қазақ