Дубайға ақша табуға кетіп, хабар-ошарсыз жоғалған екі отандасымыз табылып, елге оралды. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат агенттігі.
«Сүйінші ағайын! Исламбек пен Жарас елге аман-есен келді. Аллаға сансыз шүкір. Ата-аналар бақытты, балалар аман», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 25 жастағы Исламбек Қазыбеков Тайландқа жұмысқа алдап алып кетіп, үш мемлекеттің шекарасындағы «Алтын үшбұрыш» аймағы деп аталатын есірткі өндірісінің орталығына тап болған, әрі жанында тараздық Жарас есімді Қазақстан азаматы барын хабарлаған.