$ 494.87  520.65  4.91

Еліміз биыл да, келесі жылы да мұнай өндіру көлемін азайтпақ

Мұнай өндіру көлемін өзгертуге негізгі екі жағдай себеп болған.

Қазақстан 2023-2024 жылдары мұнай өндіру көлемін бастапқы жоспарлы межеден азайтуды көздеп отыр. 

Сол үшін "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Үкіметтің 2014 жылғы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

Оның жобасы "Ашық үкімет" электронды алаңында жарияланды.

Жаңа өзгерістер бойынша, өндірілетін мұнай көлемі келер жылы бастапқы жоспарланған көлемінен азайтылмақ.

Бастапқы жоспарланған меже бойынша:

2022 жыл – 82,88 миллион тонна;
2023 жыл – 92,6 миллион тонна;
2024 жыл – 98,1 миллион тонна;
2025 жыл – 103,2 миллион тонна;

2026 жылға қарай 98,8 миллион тонна мұнай өндіру көзделген еді.

Жаңа редакциядағы қаулы бойынша, көрсеткіштер былай өзгертілген:

2022 жыл – 82,88 миллион тонна;
2023 жыл – 90,5 миллион тонна;
2024 жыл – 95,4 миллион тонна;
2025 жыл – 103,3 миллион тонна;
2026 жылға қарай 99,4 миллион тонна мұнай өндіру қарастырылып отыр.

Мұнай өндіру көлемін өзгертуге негізгі екі жағдай себеп болған. Оның бірі "Теңізшевройлдағы" ПБР аяқтау мерзімдерін 2024 жылдың ортасына ауыстыру болса, екіншісі Болашақ зауытында газ-сұйықтық сепараторының ағып кетуіне байланысты Қашаған кен орнының тоқтауынан және Қашағандағы ГӨЗ пайдалану мерзімін 2025 жылдың басына ауыстыру болып отыр.

Одан бөлек, тауарлық газ өндірісі 2026 жылға қарай әуелде жоспарланған жылына 35 млрд текше метрге дейін өседі деген жоспар да өзгертілгелі жатыр. Енді жаңа жоспар бойынша 35 емес, жылына 27 млрд текше метрге дейін өсіру қарастырылған.

Дереккөз: inbusiness.kz/kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мұнай