$ 443.35  475.54  4.82

Қысқы тазару: Астролог ақпан айына арналған денсаулыққа қатысты болжаммен бөлісті

Ақпан айында Шаяндарға демалған дұрыс.

Астролог Ирина Павлюкова қыстың соңғы айы күш-қайратты барынша жұмсауды талап етеді. Сондықтан, оның айтуынша, физикалық және психикалық хал-жағдайға аса сақ болу қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, Тоқты жүйкесіне көп салмақ түсірмей, жанжалды жағдайларға тап болмауға кеңес беріледі. Есіңізде болсын, жүйке жасушалары қайта қалпына келмейді.

Жер элементінің өкілі болып табылатын Торпақтар асқазанына сақ болуы тиіс. Диета сақтап, дұрыс тамақтану денсаулыққа тиюі ықтимал жағымсыз әсерден аулақ болуға көмектеседі.

Жұлдызнама Егіздерге массаж курсынан өтуге немесе жаттығу залына жазылуға кеңес береді.

"Ағзаңыздың меңзеп жатқан тұстары бар, оны елеусіз қалдырмаңыз". Мұндай кеңес Сарышаянға беріледі.

Ақпан айында Арыстандарға алкоголь сусындары, қуырылған, майлы тамақ дегенді ұмыту керек. Жаттығу жасауды бастаңыз және дұрыс тамақтану ережесін сақтаңыз.

Бикештер денсаулық профилактикасына ден қойыңыздар. Әр түрлі ауруларды анықтау және оның алдын алу үшін тыңғылықты тексеруден өткеніңіз жөн.

Белсенді демалыс, ашық ауада серуендеу, әртүрлі шығыс медицинасы тәжірибелерін сынап көру Таразыға сай келеді.

Ақпан айында Шаяндарға демалған дұрыс. Жағдайды нашарлатып алмас үшін аурудың жәй белгілерін елеусіз қалдырудың қажеті жоқ.

Қысқы тазару — Мергендер үшін ақпан айындағы басты міндет. Ағзаны тазартуда әртүрлі тәсілге жүгінуге болады: тазарту бағдарламалары, диета және жаман әдеттерден бас тарту.

Тек спортпен шұғылдану Тауешкілерге физикалық және психикалық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Бұл көңіл-күйіңіздің де жақсаруына мүмкіндік береді.

Жұлдыздар Суқұйғыштарға денсаулыққа аса мұқият болу керектігін ескертеді. Ақпан - демалыс пен саяхаттау тұрғысынан таптырмас жақсы ай.

"Бұрқ еткен эмоция мен сезімдеріңізді дер кезінде ауыздықтай біліңіз. Ақпан айында сіздің әл-ауқатыңыз негізінен көңіл-күйіңізге байланысты болады". Балықтарға осындай кеңес беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары