$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды

Өтінім беру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру бүгін, 23 қаңтарда басталды деп хабарлады turkystan.kz.

Өтінім беру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Заңдастыру үшін:

– Көлік елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы;

– Криминалдық есепте болмауы;

– Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жерінен есептен шығарылуы;

– Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек.

Айта кетейік, заңдастыруға рұқсат етілген жағдайда көлікті алғашқы тіркеу құны – 200 000 теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары