$ 439.4  473.54  4.76

Бұрқасын, екпінді жел: 5 өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 23 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

«Қазгидромет» РМК 23 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болжанады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с артады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Түнде 23 қаңтарда екпіні 23-28 м/с артады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы