Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру бүгін, 23 қаңтарда басталды деп хабарлады turkystan.kz.
Өтінім беру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Заңдастыру үшін:
– Көлік елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы;
– Криминалдық есепте болмауы;
– Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жерінен есептен шығарылуы;
– Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек.
Айта кетейік, заңдастыруға рұқсат етілген жағдайда көлікті алғашқы тіркеу құны – 200 000 теңге.