$ 482.86  533.17  5.08

Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Ведомстваның мәліметінше, аталмыш азамат бұған дейін қорғаныс министрлігінің құрамынан шығарылған.

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы 20 мың доллар пара алды деген күдікке ілініп, ұсталған болатын.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері пара алды деген күдікпен Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қызметшіні ұстады", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомстваның мәліметінше, аталмыш азамат бұған дейін қорғаныс министрлігінің құрамынан шығарылған. 

"ҚР ҚӘПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Әскер өмірінде жемқорлықты жою үшін Қорғаныс министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кез келген жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді", - деп пікір білдірді министрлік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары