$ 442.05  474.14  4.74

Ақтөбелік құрылыс компаниясының жұмысшылары үш айдан бері жалақысыз жүр

Үш айдан бері жалақы алмаған ақтөбелік «Эко Экспресс» ЖШС құрылысшылары ереуілге шықты, деп хабарлайды КТК.

Көктемнен бері жалақы көрмеген. Ақтөбеде айлығын ала алмай жүрген құрылысшылар наразылық шарасына шығып, компанияның кеңсесіне баса-көктеп кірмек болды.

Ашулы құрылысшылардың әрекетінен түк шықпады. Оларға ешкім есік ашқан жоқ. Бұқараның базынасын ақыры журналистердің тыңдауына тура келді. Үш айдан бері жалақы бермеген «Эко Экспресс» компаниясының басшылығы олардың әрқайсысына 300 мың теңгеден берешек болып қалған.

«Жұрт мәселесін айтып, шулап жатқанда компанияның бас инженері де келіп қалды. Басында сөйлесетін құлқы жоқ болып көрінгенімен, соңына қарай жұмысшыларға қарызды қайтаратын болып келісті», делінген телеарна сюжетінде.

Егер айтқандарынан тағы айнып қалатын болса, құрылысшылар прокуратура мен еңбек инспекциясына шағымданбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары