$ 449.58  486.94  4.86

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазгидромет мамандары 24 қаңтар, сейсенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

24 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел тұрады, облыстың солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

24 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, түнде кей уақытта - 25 м/с.

24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы