$ 489.06  536.21  5.05

«25 мың адам ем ала алмаған»: Алматы облыстық ауруханасынан дәрігерлер жаппай кетіп жатыр

Клиникалық аурухана қажетті техникамен жабдықталғанымен, қызмет сапасы жақсармаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасындағы бюджет қаражаты игерілмей қалған. Сәйкесінше, ондағы медициналық қызметтің сапасы да төмендеп, халықтың түрлі шағымы да көбейген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Клиникалық аурухана қажетті техникамен жабдықталғанымен, көрсетілетін қызмет сапасы жақсармаған.

«Аурухана қызметіне 39 мың науқас жүгінген болса, оның 25 мыңы тиісті ем ала алмаған.

Бұл фактілерден бөлек, облыстық клиникалық ауруханасындағы білікті мамандар жаппай жұмыстан шығып жатыр. Қызметтен кеткендердің дені жоғары санаттағы, жұмыс өтілі 30 жылға жақындаған дәрігерлер. Ал олардың мұндай әрекетке баруына медициналық көмек сапасының төмендеуі басты себеп боп отыр»,- деді Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті.

Аурухана басшылығы білікті мамандардан айырылып қана қоймай, кей бөлімшелерді қысқартып тастаған. Мәселен, 1 травматологиялық бөлімше жабылған, перзентхана ғимаратын қиратып, орнына жұқпалы аурулар бөлімшесін салған. Ал терапия және хирургиялық бөлімшелерді бір-бірімен қосып тастаған.

«Медициналық мекемедегі жағдаймен танысып, жоғарыда айтылғанның қаншалықты шындық екеніне көз жеткізу үшін біз аурухананың басшылығына бір емес, бірнеше рет хабарластық. Алайда әрекетіміз нәтижесіз болды. Бізге орталықтың сенімді серіктестері кім екені де айтылмады. Тіпті, клиникалық аурухананың қызметкерлері тұтқаның ар жағында тұрып дөрекі сөйлесті. Жалпы, айтқанда бұл жағдай бізді таң қалдырмады.

Телефон арқылы алған ақпаратты растап немесе жоққа шығара алмағандықтан, біз уәкілетті органдарға бірқатар сауал жолдадық. Сонымен қатар алдағы уақытта осы ауруханаға барып, барлығын көзбен көріп, ондағы жағдайды келесі жарияланымдарда баяндап бермекпіз»,  - деді Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Серік Орымбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары