$ 447.4  477.55  4.76

Көмір тапшы: түркістандық фермерлер үсіген көкөністерді қоқысқа төгіп жатыр

Жылыжай иелері аймақтағы көмір тапшылығына алаңдаулы.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында аяздан бүлінген қызанақтар қоқысқа төгіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Отырардың” хабарлауынша, бұл туралы өңірдегі жылыжай шаруашылықтарының иелері мәлімдеп, ел Президентіне үндеу жолдады.

Жылыжай иелері аймақтағы көмір тапшылығына алаңдаулы.

Фермерлердің айтуынша, жылыжайларды жылытатын отынның қаттығынан өсірген өнімдері үсіп кеткен.

Өнімдерінің бүлінуі кәсіп иелерін миллиондаған теңге шығынға ұшыратып отыр, бұл өз кезегінде көкөністердің құнына әсер етпей қоймасы анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көмір