$ 494.87  520.65  4.91

Білім басқармасының басшысынан бастап 4 қызметкердің үйіне тінту жүргізілді

Соттың санкциясынсыз тінту жүргізілген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының лауазымды қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 4 лауазымды қызметкеріне соттың санкциясынсыз тінту жүргізілген.

«Ж.Махамбетов, Н.Нұрлыбаев, Д.Болатханұлының пәтеріне және Н.Нұрлыбаев, Б.Ахметов, Д.Болатханұлының қызметтік кабинетіне, сондай-ақ, Н.Нұрлыбаевтың «Nissan Almira» үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 380 АА 13 автокөлігіне, Д.Болатханұлының «TOYOTO CAMRY» үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 370 АА 13 автокөлігіне тінту жұмыстары жүргізілді. Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тергеу судьясының санкциясынсыз жүргізілген тінтудің заңдылығын тексеру туралы өтінішхат 2023 жылғы 7 қаңтарда қаралып, заңды деп табылған» делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркістан