$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда көлік ұрлап, ұсталған кезде өзін пышақтаған ер адамның жағдайы белгілі болды

Науқасқа ота жасалып жатыр.
фото: әлеуметтік желіден
фото: әлеуметтік желіден

Алматыда көлік ұрлап, ұстау кезінде өзіне пышақ сұғып алған ер адамның жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы науқас №7 Қалалық клиникалық ауруханаға мойын және іш аймағындағы жарақатпен ауыр халде түскенін хабарлады. Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша, науқасқа ота жасалып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін полицейлер "Ақсай" ықшамауданында ер адам көлік ұрлап, жол апатына ұшырағанын хабарлаған болатын. Оны ұстамақ болған кезде күдікті өзіне пышақ сұғып алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы