25.01.2023, 11:40

Қар жауып, жел күшейеді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз
Батыс пен оңтүстікте ауа райы ашық болады.

Қазақстан бойынша 26-28 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Батыс пен оңтүстікте ауа райы ашық болады.

Елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына атмосфералық қысымның жоғарылау өрісі әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

«Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жаяу бұрқасын болып қар жауады және жел күшейеді деп күтілуде.

Республика бойынша температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, алайда елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз 3 аязға-2 жылыға, солтүстік және таулы аудандарда – 8 аязға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады», - делінген синоптиктер хабарламасында.

Тегтер: ауа райы