$ 444.14  477.05  4.85

«Ақ көйлек киген, көк көйлек киген». Канелоның қазақша әнге билеген видеосы тарады (ВИДЕО)

Промоутерлік компания мәліметінше, бұл - қазақстандықтардың екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионымен бірлескен жаттығуы.

Сауль Канело Альварестің қазақ әніне билеген сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Боксшы жаттығуды тоқтатып, танымал әнге билеген. Ал видеоны Suleimen Promotions компаниясы Instagram-да жариялаған.

"Канело қазақ елі мен өнерін қатты құрметтейді. Әсіресе, қазақ әндерінен керемет әсер алып, билегенді жақсы көреді. Бұл - сол сәттен үзінділер", - делінген жазбада.

Видеода қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің билегенін байқауға болады, содан кейін Альварес те "Меховая 8/1" тобының "Тойға шашу" әніне бірнеше би қимыл жасайды.

Промоутерлік компания мәліметінше, бұл - қазақстандықтардың екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионымен бірлескен жаттығуы.

Дайындыққа Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Данила Семенов және Евгений Павлов қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары