Еңбек сіңірген спортшы атағы бар Илья Ильин федерацияға көңілі толмайтынын жеткізді. Мәселені реттеу үшін басшылыққа өз кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Федерацияда кәсіби спортшы ретінде емес, спорт менеджері ретінде жүргеніме екі жыл болды. Екі жыл бойы мен түрлі мәселелерді шештім. Бір жылдан бері біз түсініксіз күйдеміз, Ауыр атлетика федерациясына президентін таба алмай келеміз. Бір жарым жыл бұрын менеджер ретінде келген кезде мен жаттықтырушылармен сөйлестім, үлкен проблемалар болды, мен оларға қарсы шықтым. Бір жігіт асылып қалды... мен психологтар керегін айттым. Біз команда құруға міндеттіміз, өйткені қиындықтар бар", – деді Ильин.
Оның сөзінше, басшы тағайындайып, федерация жұмысын қолға алмаса, қазақстандық ауыр атлетиканың болашағы бұлыңғыр болуы мүмкін.
"Мен әбден пістім, өз командаммен федерацияны қолға алуға дайынмын. Бай емеспін, миллиондаған ақшам жоқ, бірақ мен бұл спорттың барлық қыр-сырын білемін", – дейді спортшы.