$ 494.87  520.65  4.91

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ спортшысы жеңімпаз атанды

Сондай-ақ қазақстандық екі боксшы қыз Азия чемпионатының финалына шықты.

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Жасмин Қизатова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Азиза Зокировамен жұдырықтасты.

Өте тартысты өткен жекпе-жекте Ж.Қизатова жеңіске жетті. Төрешілер есебі – 3:2.

Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.

Енді финалда рингке шығатын бір ғана боксшы қызымыз қалды. Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта таиландтық Порниппа Чутимен алтын жүлдені сарапқа салады.

Бұдан бұрын Мөлдір Тойкова (50 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (57 кг), Шахназ Исаева (60 кг), Назерке Серік (63 кг), Ақнар Ищанова (66 кг) және Дана Дидай (75 кг) қола жүлдені қанағат тұтқан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында тағы үш боксшының финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық екі боксшы қыз Азия чемпионатының финалына шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары