$ 481.84  531.33  5.07

«Нанды несиеге алады»: Азық-түлікті бөліп төлеп сатып алатындар көбейген

Тұрғындардың табысы көбейгенмен, инфияцияның өсуі оны басып кетіп жатыр.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда азық-түлікті бөліп төлеуге сатып алушылар саны артты. Экономистер несиеге тамақтану кедейлік сатысын одан әрі арттыратынын айтып, дабыл қағып отыр. Ал ел тұрғындары жалақынының 50 пайызы тек тағам тұтынуға жұмсайды.

Бұған дейін тұрғындар несиеге тұрмыстық техника, үйге керек-жарақтарды сатып алушы еді. Ал мамандардың айтуынша қазір тіпті нанның өзін бөліп төлеуге алатын болған, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа-порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бізде кейбір тұрғындардың ақшасы тіпті қарапайым азық-түлік сатып алуға да жетпейді. Бұған елімізде инфляцияның өсуі кері әсерін тигізіп жатыр. Тұрғындардың табысы көбейгенмен, инфияцияның өсуі оны басып кетіп жатыр. Сәйкесінше бұл еліміздегі кедейлік деңгейін одан сайын өсіріп жатыр. Бөліп төлеуге азық-түлік алған адамдар негізінен кедейлер санатына кіреді. Себебі олардың тамақтануға да қаражаты жетпейді деген сөз», - дейді экономист Арман Байғанов.

Экономистердің айтуынша бұлай несиеге азық-түлік алу тоқтамаса, Қазақстандағы кедейлік деңгейі әлі де өседі. Ал халықтан сұраныс болып тұрғанда қаржы институты азық-түлікті бөліп төлеу арқылы сату жүйесін алып тастамайды. Ол үшін заң жүзінде қандайда бір шара қолдануы керек екен
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары