26.01.2023, 10:40

Тоқаев билікті сынау туралы айтты

Фото: akorda.kz
Реформалар одан әрі жалғасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысында билікті сынау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жалпы, кез келген сайлауда қоғамның саяси кемелдігі сыналады. Қоғамда пікірталас қызу жүреді. Сын – азаматтық қоғамның ажырамас бөлшегі және аталған ұғым Қазақстанға да тән.

Бұл – менің берік ұстанымым. Қоғамды трансформациялау және жаңғырту жөнінде қабылдаған шараларымыз халықтың мұң-мұқтажын шешуге бағытталған. Реформалар одан әрі жалғасады", - деді Мемлекет басшысы.