Түркістан облысында 15 жастағы қызды анасы қалыңмал үшін күйеуге берген оқиғасына қатысты облыстық полиция депратаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқаны туралы арызы бойынша, Жетісай ауданының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабымен «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген ПД хабарламасында.
Анықталғандай, қыз танысына тұрмысқа шыққан. Алайда анасы келіспей, қызды жас жігіттің үйінен Шымкентке алып кеткен.
«Қазіргі кезде тиісті сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Іс Түркістан облысы ПД бақылауына алынды», - делінген хабарламада.