Алматыда құтқарушылар еттартқыштан ер адамның қолын алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
42 жастағы ер адам котлет шығаратын цехта жұмыс істеген. Ол еттартқышқа ет салып жатқанда қолы қысылып қалған. Аппарат үздіксіз жұмыс істегендіктен, ер адам қолын тартып үлгере алмаған.
"2023 жылдың 26 қаңтарында құтқарушылардың кезекші бөліміне осы жағдай туралы хабарлама келіп түсті. Құрамында 7 құтқарушыдан тұратын жедел топ дереу шығып кетті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамның қолын еттартқыштан шығаруға кірісті. Психолог-құтқарушы психологиялық көмек көрсетті. Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін зардап шегуші жедел жәрдем қызметіне ауыстырылды", - делінген хабарламада.