$ 486.44  534.31  5.06

Сәбиге хиджама жасағандарды комитет тексеретін болды

Қазіргі таңда дәстүрден тыс медицинамен айналысатын адамдар медицина қызметін көрсететін болса, өз ісін лицензиялауы керек.
Фото: Скриншот
Фото: Скриншот

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният балаға хижама жасаған видеоға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетсек бұған дейін әлеуметтік желіге емшектегі баланың  баланың видеосы тараған еді. Кадрда кішкентай баланың басын бірнеше жерден тіліп жатқанын байқауға болады. Ал бала қиналып жылайды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті қатаң сынап жатыр. Видео Атыраудан тарағаны айтылады.

Бүгін бұл дұрыс па, әлде бұрыс па деген сұрақты журналистер министрдің өзіне қойды.

«Менің пікірім: қазіргі таңда дәстүрден тыс медицинамен айналысатын адамдар медицина қызметін көрсететін болса, өз ісін лицензиялауы керек. Қазіргі таңда лицензияланған медицина қызметіне хижама жатпайды. Сол себепті аталған факт бойынша комитет тергеу жүргізетін болады. Алдағы уақытта мәселені тереңірек қарастырамыз», - деді ол.

Министрдің айтуынша, «егер осы әрекет лицензиясыз жасалғаны белгілі болса, онда Денсаулық сақтау министрлігінің медицина және фармацевтикалық бақылау комитеті заңға сәйкес шешім қабылдайды».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сәби