$ 481.84  531.33  5.07

Бағдат Мусин елімізде «суперЦОНдар» пайда болатынын айтты

Ол үшін фокус-топтар жиналып, нақты мемлекеттік органдар, CDO, басқа ұйымдар тартылады.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Бағдат Мусин бірыңғай кеңістікте қызметтің барлық түрін алу енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің стратегиялық міндетіміз - әрбір өмірлік жағдайды талдау, азаматтың нені бастан өткеретінін түсіну, кедергілерді жою және бәрін ыңғайлы әрі түсінікті процеске көшіру. Ол үшін фокус-топтар жиналып, нақты мемлекеттік органдар, CDO, басқа ұйымдар тартылады. Бизнес-процестерді қайта қарағаннан кейін оларды проактивті қызметтерге барынша ауыстыру жоспарлануда», - деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, министр өз сөзінде ХҚКО-ның сервистік қызметтерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

«Қазір Қазақстанда 324 орталық бар, өткен жылы оның 14-і жаңғыртылды, биыл тағы 50-ін жаңарту жұмысы жоспарланып отыр. Таяу болашақта елімізде барлық ұйым орналасқан және қазақстандықтар мемлекетпен өзара іс-қимыл жасай алатын және қызметтерді бір жерден ала алатын азаматтарға ыңғайлы және сапалы қызмет көрсетуге арналған бірыңғай кеңістік – «СуперЦОНдар» пайда болады», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары