$ 483.23  534.74  5.12

Алматыда жер сілкінді

Тұрғындарға 2 -3 балл қуатымен сезілген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

 Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қаңтар күні сағат 06:11-де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар, бүлінген дүние жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.

«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінде.

«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 191 шақырым жерде, Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11.9 MPV, магнитудасы – 5.2. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 -3 балл қуатымен сезілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары