Абай облысында сотталушының түрмеден түсірген шағымынан кейін полицейлер оның анасын өз үйінен өлі тапты.
Абай облысындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан қыз анасымен үнемі хабарласып отырған. Алайда әйел кейінгі кездері телефонға жауап беруден қалған.
«Бізге сотталушы хабарласып, анасымен телефон арқылы сөйлесе алмай жүргенін айтты. Оның анасы мүгедек және жалғыз тұрады екен. Біз Шемонаиха ауданындағы әріптестермен хабарласып, мекенжайды тексеуді сұрадық. № 18 мекеме қызметкерлері учаскелік полицеймен сотталушының анасы тұратын үйге келгенде есік құлыптаулы болған, ешкім ашпаған. Қызметкерлер есікті бұзып кірген. Үйдегі төсектен әйелдің мәйітін тапқан», – дейді мекеме басшысының орынбасары, әділет майоры Ернат Байжүменов.
Медициналық сараптама әйелдің пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан тұншығып қалғанын көрсетті. Түрме қызметкерлері қызға анасының қайтыс болғанын хабарлады. Олар Шемонаихадағы әріптестерімен бірлесіп, әйелді жерледі.