$ 448.56  478.03  4.79

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Көлікте болған үш адам оқиға орнында көз жұмды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға бүгін, 27 қаңтарға қараған түні болған.

Honda Civic маркалы көліктің жүргізушісі Саин көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатып, рульді тізгіндей алмай, электр желісінің бағанына соғылған. Қатты соққыдан көліктің түгі қалмаған.

Көлікте болған үш адам оқиға орнында көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары