$ 494.87  520.65  4.91

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Шымкент филиалының басшысы пара алғаны үшін ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысының пара алғаны анықталды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласының мамандары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысына және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Олар поездарды қабылдаушы, кассир, вагондарды тексеруші-жөндеуші және тағы басқа лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны үшін әшкереленген.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды» - деп жазды Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары