$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Республиканың батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Республиканың батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағы бұрынғысынша атмосфералық фронталь бөліктер ықпалында болады: қар жауып, жел күшейеді.

"Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, алайда республиканың оңтүстігінде ауа температурасының күндіз 2 градус аяздан - 3 градус жылыға дейін, солтүстік және таулы аудандарда 5 градус аяздан 5-10 градус жылуға дейін, елдің оңтүстік-шығысында 2 градус аяздан - 3 градус жылыға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы