$ 494.87  520.65  4.91

«Нәрестеге хиджама жасау дұрыс па» - Балалар дәрігері жауап берді

Әлеуметтік желіде баланың маңдайын лезвиемен кесіп, қанын шығарған бейнежазба қоғамдық пікір туғызды.
Фото: ”Қазақстан” арнасының түсірілімінен скриншот
Фото: ”Қазақстан” арнасының түсірілімінен скриншот

Әлеуметтік желіде баланың маңдайын лезвиемен кесіп, қанын шығарған бейнежазба қоғамдық пікір туғызды. Кейін балалар невропатологы, медицина ғылымдарының кандидаты Қайырғали Көнеев балаға хиджама жасату қаншалықты дұрыс екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігер баланың терісін кесу өте қауіпті екенін айтты. Тіпті бала өлімі мен мүгедектікке әкеліп соғатынын мәлімдеді.

“Қан шығаратын осындай "процедуралардан" жаңа туған нәрестеде ТТК (таратылған тамырішілік коагуляция) синдромы тез дамуы мүмкін. Бұл қан ұю жүйесіндегі ақаумен сипатталады. Сонымен қатар, ТТК синдромына байланысты әртүрлі органдардың тамырларында қан ұйып немесе қан кетеді”, – деді маман.

Оның айтуынша, бірінші кезекте асқазаннан қан кетіп, бала мүгедек болуы немесе өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, қан шығару ми жұмысына зақым келтіреді.

Көнеев хиджамадан АИТВ-инфекциясы мен вирустық гепатитке шалдығу қаупі бар екенін тілге тиек етті.

Естеріңізге салсақ, қой ауруын емдеймін деп баланың маңдайын кесіп, қан шығарған хиджама орталығының маманы көптің сынына қалды. Кейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хиджама орталықтарына тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары